«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу филиалы
Филиал туралы мәлімет
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу филиалының тарихы:
1. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 19.03.2018 жылғы №27-Б бұйрығының негізінде «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу филиалы құрылды. 11 cәуір 2018 жылы ҚР Әділет Министірлігі Көксу аудандық Әділет басқармасында заңды тұлғаның филиалы ретінде № 180441016388 БСН тіркелді.
2. Қазақстан Республикасының Президентіңің 2022 жылғы 03 мамырдағы №887 Жарлығының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9- бабына сәйкес Жетісу облысы 2022 жылғы 08 маусымда құрылды.
3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №3-05-85 бұйрығының негізінде «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу филиалы қызметін тоқтатты.
4. «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жылғы № 37-ө бұйрығының негізінде «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мекемесінің Көксу филиалы» 07 қараша 2022 жылы ҚР Әділет Министірлігі Жетісу облысының әділет департаменті Текелі қаласының ауданаралық әділет басқармасында заңды тұлғаның филиалы ретінде № 221 141 011 379 БСН қайта тіркеуден өтіп құрылды.
5. Филиалдың штат саны – 9.
6. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Көксу ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.
Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
7. Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес филиалда – 112 қор, 32 424 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі.
Филалға өткен құжаттардың ішінде Көксу ауданының ауылдық атқару кеңесінің, аудан әкімі аппаратының, 10 ауылдық округтер әкімі аппараттарының, 7 аудан әкімі аппарат бөлімдердің, колхоз, совхоздардың, аудандық аурухананың және т.б. мекемелердің құжаттары бар.
8. Жинақтау көздерінің саны - 24
Филиал ғимараты 2017 жылы салынған, 4 жұмыс кабинеті, 5 қойма бар.
2018 жылдың наурыз айынан бастап ғимарат арендада, жалдамалы ғимараттың ауқымы -1172 ш.м., ғимараттың жалпы құрылыс алаңы – 334,8, ал ішкі алаңы – 294,3, ш.м.
Қазіргі таңда филиалды Абдрахимова Жанар Жолдасбек-қызы басқарып отыр.
Филиалдың мекен жайы: «Жетісу облысының мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Көксу филиалы
Жетісу облысы
Көксу ауданы,
Балпық би ауылы,
Мырзабекова көшесі, 4Б,
Индекс: 041200,
Телефон: 8 (72838) 2-00-23
E-mail:
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті /дүйсенбі – жұма күндері/.
Сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі.