Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім басшысы: Зайтунова Алма Амангельдиевна
Телефон: +77282 253454
E-mail:
Мәлімет
Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бөлімі.
ҚР ҰАҚ құжаттарының есепке алу мен сақталуын қамтамасыз ету бөлімі Жетісу облысы мемлекеттік архивінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімінің негізгі міндеттері: архив қорлары мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау, ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарының және архив қоймаларында сақталатын басқа да архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету. Құжаттардың сақталуының санитарлық-гигиеналық режимінің қолайлы жағдайларын, архив қоймаларының ауасының қалыпты температуралық-ылғалдық режимін, архив қоймаларындағы өртке қарсы ережелердің сақталуын қадағалау.
Архив қорларының физикалық жағдайын анықтау жұмыстарын үйлестіру, залалсыздандыру, өшіп бара жатқан мәтіндерді қайта қалпына келтіру, құжаттарды мұқабалау, парақтарды нөмірлеу, шаң-тозаңнан арылту, құжаттардың жай-күйін тексеру жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқу залындағы зерттеушілерге, бөлімдердегі қызметкерлерге, мекемелер мен кәсіпорындарға уақытша пайдалануға істерді беру, архив қоймаларынан істерді беруді рәсімдеу, олардың қайтарылуын бақылау, бөлім жұмысын ұйымдастырып, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Методикалық құралдарды, ережелерді, нұсқауларды пайдалануда бөлімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, деректер базасын толтыру болып табылады.
Бөлім «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша электронды архивке құжаттарды сканерден өткізіп электрондық жүйеге енгізеді.
Бөлімнің және филиалдардың жұмысы туралы жоспарлар мен есептер жасайды.