«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалы
Филиал туралы мәлімет
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалының тарихы:
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 3 мамырдағы № 887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сейкес БҰЙЫРАМЫН:
- 2023 жылдың 25 қаңтарынан бастап «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалы құрылды.
- «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалының Ережесі осы бұйрықпен бекітілді.
Филиал Жетісу облысының мемлекеттік архивінен бөлініп, өз қызметін 2023 жылдың 06 маусымынан атқара бастады.
- Филиалдың штат саны - 11.
- Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танып, Жетісу облысының Талдықорған қаласының мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың құжаттарын сақтау мен пайдалану болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты: Қазақстан Респбикасының Ұлттық архив қорын толқтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу болып табылады.
Филиал мақстаға қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының архив қоры құжаттарын және басқар архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауға жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу: сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету: сақтауда жататын құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік- құқықтық, сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.
- Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметке сейкес филиалда – 406 қордың 55116 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі.
Филиалға өткен құжаттардың ішінде Талдықорған қаласында орналасқан зауыттардың, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, қоғамдық мекемелер, құрылыс мекемелері мен транспорттық мекемелер және т.б. мекемелердің құжаттары бар.
Филиалдың мекен жайы:
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жеке құрам бойынша Талдықорған филиалы
Жетісу облысы Талдықорған қаласы Гагарина к-сі, 107
Индекс 040000
Телефон: 8 /7282/ 41-91-70
E-mail: