«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы
Филиал туралы мәлімет
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалының тарихы:
1. Сарқан аудандық Кеңесі атқару комитетінің 29.12.1989 жылғы № 24-397 санды шешімдерінің негізінде Жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі Сарқан ауданының архиві болып, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарының мемлекеттік сақталуын есебін және пайдалануын қамтамасыз ету үшін және аудан аумағындағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыру және қорғау мақсатында құрылды.
2. 1994 жылы Сарқан жеке құрам бойынша архиві Талдықорған облыстық архивтар және құжаттамасы басқармасына қарады.
1995 жылы Сарқан аудандық архив Талдықорған облыстық архивтар және құжаттамасы басқармасы болып атауы өзгерді.
1997 жылы Талдықорған облысының қысқаруына байланысты Алматы облыстық архивтар құжаттамасы басқармасына қарады.
1999 жылы «Алматы облысының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы болды.
2014 жылдан «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы болды.
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 28.05.2018 жылғы № Б-47 бұйрығының негізінде «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалының атауы «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы болып өзгертілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 3 мамырындағы №887 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалының атауы «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан филиалы болып өзгертілді.
3. Филиалдың штат саны – 5.
4. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Сарқан ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады. Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.
Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
5. Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметке сәйкес филиалда – 232 қордың 50071 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі.
Филиалға өткен құжаттардың ішінде Сарқан ауданының ауылдық атқару кеңесінің, аудан әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімі аппараттарының, колхоз, совхоздардың сондай ақ аудан құрамына енген басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құжаттары бар.
Филиалда жеке тектік Сарқан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Маслихат депутаттар жиналысының хатшысы, ұстаз, Сарқан ауданының «Құрметті азаматы». С.Стамбековтың құжаттары сақталуда.
6. Жинақтау көздерінің саны - 29
Филиал ғимараты «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансында.
Филиалдың мекен жайы: «Жетісу облысының мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік
архиві» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің Сарқан филиалы
Пушкин көшесі, 12, Сарқан қаласы,
Сарқан ауданы, Жетісу облысы,
Индекс: 041500,
Телефон: 8 (72839)2-25-06
E-mail:
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті: дүйсенбі – жұма күндері
Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін
Демалыс күндері: сенбі – жексенбі