«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Панфилов филиалы
Филиал туралы мәлімет
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Панфилов филиалының тарихы:
1.Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырдағы «Қазақ ССР өлкелік және облыстық мемлекеттік мұрағаттарының филиалдарын құру туралы» №409 қаулысы және Халық депутаттары облыстық Кеңестерінің Алматы өндірістік және ауылшаруашылығы атқару комитетінің 1963 жылғы 14 маусымдағы «Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатының филиалдарын құру туралы» №120/282 шешімі негізінде Панфилов аудандық архив филиалы 1966 жылы Жаркент қаласында құрылды.
2.«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жылғы № 8-Ө бұйрығының негізінде «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Панфилов филиалының атауы «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Панфилов филиалы болып өзгертілген.
3.Филиалдың штат саны – 7.
4.Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Панфилов ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.
Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік- құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
5.Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметке сәйкес филиалда – 268 қордың 62248 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі. оның ішінде тұрақты сақталатын 40408 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша 21419 сақтау бірлігі, жеке тектік 421 сақтау бірлігі бар, филиал облыстағы ірі филиалдардың санатында.
Филалға өткен құжаттардың ішінде Панфилов аудандық атқару кеңесінің, аудан әкімі аппаратының, селолық, ауылдық округтер әкімі аппараттарының, жұмыспен қамту орталығының, колхоз, совхоздардың, аудандық аурухананың және т.б. мекемелердің құжаттары бар.
Филиалда 13 жеке қор бар. Исаев Жақсыбай Исаұлы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі, Панфилов ауданының “Құрметті азаматы”. Важнин Данил Евграфович - географ-өлкетанушы, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі, ҰОС ардагері. Айтжанова Күләш - Панфилов ауданы Киров атындағы колхоздың жүгері звеносының жетекшісі, Социалистік Еңбек Ері. Заманбеков Жақып Дадайұлы -журналист, ҰОС ардагері. Надыров Ахметжан Тохтахунұлы - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақ КСР Халық ағарту саласының үздігі, Қазақ КСР еңбек сіңірген халыққа білім беру қызметкері, еңбек ардагері. Крючкова Нонна Дмитриевна - физика және математика пәндерінің мұғалімі, Еңбек ардагері. Құрманалиева Тұран Құрманаліқызы- КСРО еңбек сіңірген ауыл шаруашылық қызметкері. Орлов Виктор Николаевич - Ауған соғысының ардагері. Шин Борис Николаевич-математика пәнінің мұғалімі, ҚазКСР ағарту ісінің үздігі, Панфилов ауданының “Құрметті азаматы”. Янбекова Ғазиза Махмутқызы - кітапханашы, ҚР-ның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ауылдық кеңес депутаты. Касымбеков Әбілмәжін-егін алқабы бригадасының бригадирі агроном және №2 учаскескесінің меңгерушісі, Панфилов ауданы “Октябрьдің 40 жылдығы” колхозының гидротехнигі, Социалистік Еңбек Ері. Сәбденбеков Ерғали Қайратұлы- Панфилов ауданының “Құрметті азаматы”, «Еңбек ардагері».
Жинақтау көздерінің саны – 32.
Филиал «Жетісу мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының 1, 2 –қабаттарының көлемі 295,1 ш.м. өтеусіз жалға алып отыр. Ғимарат 1982 жылы салынған. Ғимараттың ішінде 3-қойма, 2- жұмыс кабинеті бар.
Филиалдың мекен жайы: «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Панфилов филиалы
Жаркент қаласы, А.Розыбакиев көшесі, 18,
Жаркент қаласы,
Панфилов ауданы,
Жетісу облысы, Индекс: 041300,
Телефон: 8 (72831)5-12-60
E-mail:
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті: дүйсенбі – жұма күндері Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін Демалыс күндері: сенбі - жексенбі