«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы
Филиал туралы мәлімет
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалының тарихы:
Кербұлақ аудандық жеке құрам бойынша архиві Кербұлақ аудандық әкімшілігінің 31 тамыз 1992 жылғы шешімімен Қаз.ССР Талды-Қорған облыстық әкімшілігінің №147 10 сәуір 1992 жылғы өкімінің негізінде құрылды.
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 28.05.2018 жылғы № Б-47 бұйрығының негізінде «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалының атауы «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы болып өзгертілген.
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 20.09.2022 жылғы №33-ө бұйрығының негізінде бастап «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалының атауы «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы болып өзгертілген.
3. Филиалдың штат саны – 7.
4. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.
Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
5. Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметке сәйкес филиалда – 211 қордың 53236 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі.
Филалға өткен құжаттардың ішінде Кербұлақ ауданының ауылдық атқару кеңесінің, аудан әкімі аппаратының, селолық, ауылдық округтер әкімі аппараттарының, жұмыспен қамту орталығының, колхоз, совхоздардың, аудандық аурухананың және т.б. мекемелердің құжаттары бар.
Филиалда ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосқан жеке тектік қор иелері Т.Сарыбаевтың, Ғ.Тұрғанбаевтың, Е.Сұраншыновтың, Ғ.Қасабекованың, Ж.Рахимовтың, К.Меренбаеваның, Ж.Өмірбековтың құжаттары сақталынуда.
6. Жинақтау көздерінің саны - 31
Филиал «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан, 1 жұмыс кабинеті, 2 қойма бар.
Қазіргі таңда филиалды Мамиева Гулбану Туркистановна басқарып отыр. Филиалдың мекен жайы: «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Кербұлақ филиалы
Вожакин көшесі, 2
Сарыөзек ауылы,
Кербұлақ ауданы,
Жетісу облысы,
Индекс: 041100,
Телефон: 8 (72840) 40-0-22
E-mail:
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті /дүйсенбі – жұма күндері/.
Сағат 09:00-ден 18:00-ға дейін.
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Демалыс күндері: Сенбі, жексенбі.