Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ жарыққа шығарылады.
Кіру
AA+
Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ жарыққа шығарылады.
«Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhetisu-arhiv.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ақсу филиалы

Филиал туралы мәлімет

 1. «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ақсу филиалының тарихы:
 2. 1934 жылдан Ақсу ауданында архив ісі қалыптасты. 21 мамыр 1963 ж. № 409 ҚазССР Совет Министрлігінің қаулысымен Ақсу ауданының мұрағаты жабылып, оның құжаттары Сарқан филиалына берілді. 1981 жылы Сарқан филиалы жабылып, оның орнына Ақсу филиалы ашылып, орталығы Жансүгіров поселкесі болды. Ақсу архиві Ақсу, Бөрлітөбе, Сарқан, Қапал аудандарының мекемелерімен жұмыс істеді. Талды-Қорған облыстық архиві 1983 жылы Ақсу, 1987 ж. Қапал аудандарының қорын филиалға қайтарды. 1987 ж. Бөрлітөбе ауданының қорын Үшарал филиалына берілді. Жеке құрам бойынша аудандарда: Ақсу (1986 ж.), Сарқан (1987ж.), Қапал (1993ж.) жеке мұрағаттар ашылды, жеке құрам құжаттарын сол мұрағаттарға берілді. 1997 жылы Ақсу, Қапал жеке құрам бойынша мұрағаттар жабылып, құжаттар қайтадан Ақсу филиалына берілді.

 
3. Филиалдың штат саны – 10.
4. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Ақсу ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады. Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу. Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтікқұқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
 5. Қор және құжаттар саны:
2024 жылдың 01 қаңтарындағы мәліметке сәйкес филиалда – 227 қордың 51127 сақтау бірліктерінің сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етіледі. Филалға өткен құжаттардың ішінде Ақсу ауданының ауылдық атқару кеңесінің, аудан әкімі аппаратының, селолық, ауылдық округтер әкімі аппараттарының, жұмыспен қамту орталығының, колхоз, совхоздардың, аудандық аурухананың, білім бөлімінің және т.б. мекемелердің құжаттары бар. Филиалда Ұлы Отан соғысы ардагері КСРО халық ағарту ісінің үздігі Қорғанбаев Бейсебек Мұқанұлының, Мұғалім, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Ақсу ауданының «Құрметті азаматы», Еңбек Қызыл Ту орден иегері Сәдуақасова Елетай Омарқызының, Мұрат Фазфлжанұлының,Ұлы Отан соғысы ардагері Ғабдолдаев Жұман, Шәріпов Исатай, компазитор Ғабдолдаев Жұман, Социалистік жарыс жеңімпазы,аудандық партия комитетінің нұсқаушы Жанабаев Абляким Қожымбетұлының, Журналист Жұмашев Ораздың, Дубек Мұсановтың, Осипов Василий Ивановичтің жеке қор құжаттары сақталынуда.
 6. Жинақтау көздерінің саны - 33

Филиал Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Тәуелсіздік көшесі №61 мекен жайында «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан.
Филиалдың мекен жайы: Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Тәуелсіздік көшесі №61 Индекс: 040100,
Телефон: 8 (72728)2-00-19
E-mail: aksu.arhiv @mail.ru

Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті: дүйсенбі – жұма күндері
Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін
Демалыс күндері: сенбі – жексенбі