«Жетісу облысының мемлекеттік архивінің» ведомстволық архивтердің жұмысына бақылау жүргізу бөлімінің мамандары «Ведомстволық архивке құжаттарды өткізу ережесі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді. Оқуға мемлекеттік мекемелердің іс қағаздарға және ведомстволық архивке жауапты мамандары қатысты. Оқу барысында құжаттарды ведомстволық архивке өткізу ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өндірістік оқу барысында қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.