Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ жарыққа шығарылады.
Кіру
AA+
Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысының мемлекеттік архиві дайындаған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жинақ жарыққа шығарылады.
«Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhetisu-arhiv.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Жетісу облысының мемлекеттік архивінде «Архив - тарих сақтаушысы» атты тақырыппен Жетісу университетінің «Zhansugurov College» шетел тілінен бастауыш сынып мұғалімі  және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі факультеттерінің І курс студенттеріне саяхат-сабақ ұйымдастырылды.

Шарада ұлттық Архив қоры құжаттарын пайдалану және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімінің архивисті  Бұлбұл Мәкенова архив мекемесі жайлы мәлімет беріп өтті.

- Архив - тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік мекеме. Ол тек шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың қазынасы іспетті. Себебі, ұлтымыздың тарлан тарихы, жүріп өткен жолы, бастан кешірген оқиғалары өскелең ұрпақ үшін қорда сақтаулы тұр, - деп атап өтті.

Студенттер қауымы архив қоймаларын көрді, бөлім басшысы Қарагөз Ахметова мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттардың жай - күйімен, көне альбомдармен таныстырды. Саяхат - сабақтың студенттер қауымына беретін тәрбиелік, ақпараттық мәні өте зор болды.