«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ескелді филиалы
Филиал туралы мәлімет:
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ескелді филиалының тарихы:
1.«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы18 сәуір №35-Б бұйрығымен «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ескелді филиалы құрылды.
2.«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 30 қыркүйек №2/1-а ЖҚ бұйрығымен «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ескелді филиалы болып өзгертілді.
3.Филиалдың штат саны – 6.
4. Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары: заңмен белгіленген тәртіпте ұлттық құндылық ретінде танылып, Жетісу облысының Ескелді ауданында орналасқан және филиалдың жинақтау көздеріне жататын мекемелердің, ұйымдардың, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындардың іс-әрекетінде қалыптасқан айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік және мәдени маңызы бар құжаттарды сақтау мен пайдалану болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын толықтыру, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар кешенін жүргізу.
Филиал мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа архивтік құжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға алуға іріктеу және қабылдау; архивтік құжаттарды жинақтау; филиалда сақтауда жатқан құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу; сақтауға алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; сақтауда жатқан құжаттардың іс жүзінде пайдалануын ұйымдастыру; жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік құқықтық, тақырыптық сұраныстарды орындау; белгіленген тәртіпте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету; құжаттарды сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау және олардың физикалық сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу; Филиалдың жинақтау көздері - мекемелердің іс жүргізушілік, архивтік және сараптамалық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; архив құжаттарындағы ақпаратты анықтау және құжаттарды басып шығару, көрме ұйымдастыру, теледидар мүмкіндіктері арқылы архив құжаттарындағы ақпараттарды пайдалану.
5. Қор және құжаттар саны:
2024 жылғы 01 қаңтарындағы мәліметке сәйкес филиалда -116 қордың, 33808 сақтау бірлігінің сақталуы мен пайдаланылуы қамтамасыз етіледі.
Филиалға өткен құжаттардың ішінде Талдықорған аудандық халық депутаттары Кеңесінің және оның атқару комитетінің құжаттары, Талдықорған ауданы Қарабұлақ кенттік және ауылдық халық депутаттары Кеңесінің, Ескелді ауданы әкімі аппаратының , ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, жұмыспен қамту орталығының, Қарабұлақ қант комбинатының, колхоздардың, совхоздардың, аудандық аурухананың және т.б. мекемелердің құжаттары бар.
6. Жинақтау көздерінің саны – 25
Филиал Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылнда АО Казпочта мекемесінің ғимаратында орналасқан.
Филиалдың мекен жайы: «Жетісу облысының мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу облысының
мемлекеттік архиві» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің Ескелді филиалы
Сатпаев көшесі, 67/69,
Қарабұлақ ауылы,
Ескелді ауданы,
Жетісу облысы,
Индекс: 040500,
Телефон: 8 (72836)3-14-15,
E-mail:
Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақыты:
Күнделікті: дүйсенбі – жұма күндері
Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін
Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін
Демалыс күндері: сенбі – жексенбі.