Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімі
Бөлім басшысы: Досымбекова Раушан Турлыкожаевна
Телефон: 8 72 82 25 34 54
E-mail:
Ведомстволық архивтермен жұмыс жасау және жинақтау бөлімі «Жетісу облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі қызметі: мемлекеттік архивтің толықтыру көздері болып табылатын мекемелердің құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау, Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа архивтік құжаттарды сақтау мәселелері бойынша ұйымдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, архивтік қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау жұмыстарын және іс-қағаздарының жүргізілуін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Ведомствалық архивтердің құжаттарын есепке алады, семинар-кеңес, өндірістік оқу іс-шараларын ұйымдастырады. Мекемелер мен кәсіпорындарда құжаттама қызметінің нормативтік-әдістемелік талаптарға сай жүргізуін, ғылыми-техникалық өндеу өткізуін, құжаттар тізімдемелерін және істерді ресімделуінің дұрыстылығын қадағалайды.
Бөлімнің жұмыс жоспарын құрастырады және жұмысының жүйелі жүргізуін қамтамасыз етеді.